Материалы за 17.02.2021 » 131 мектеп лицей
Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 17.02.2021
«Адал ұрпақ» бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар есебі
17
февраль
2021
«Адал ұрпақ» бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар есебі
-1- БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №131 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ  «Адал ұрпақ» бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар есебі БРИФИНГТІҢ ӨТУ БАРЫСЫ: Сәлеметсіздер құрметті көрермендер, әріптестер, ата-аналар! Алдымен, өзімді таныстыра кетейін, мен - Достанова Роза Зияхановна, Алматы қаласы, Медеу ауданындағы «Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей» КММ  директорымын. 2016  жылы директор міндетін атқарып, 2017 жылдың 19 мамырынан  директор қызметін атқарып келемін.   Атқарылған іс-шаралар туралы айтпас бұрын,
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Есіңе мені алғайсың" атты мәнерлеп оқудан өткізілген республикалық онлайн байқауға қатысып, сапалы өнер көрсет
17
февраль
2021
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Есіңе мені алғайсың" атты
Алматы  қаласы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Есіңе мені алғайсың" атты мәнерлеп оқудан өткізілген республикалық онлайн байқауға қатысып, сапалы өнер көрсеткені үшін, Алмазұлы Айбат Алғыс хатқа ие болды. 4"Б"сынып оқушысы. Жетекшісі:Калдыбаева В.К. Талабыңа нұр жаусын, биіктен көріне бер дейміз!  
Достанова Роза Зияхановна " Nur Otan" партия төрағасының бірінші орынбасары Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлының  алғыс хатымен марапатталды.
17
февраль
2021
Достанова Роза Зияхановна " Nur Otan" партия төрағасының бірінші
Қазақстан Республикасының мәжілісі мен мәслихатының депутаттарын сайлау кезіндегі "Nur Otan" партиясының сайлау науқанына белсенді атсалысқан үшін Б.Момышұлы атындағы # 131 мектеп- лицей директоры- Достанова Роза Зияхановна " Nur Otan" партия төрағасының бірінші орынбасары Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлының  алғыс хатымен марапатталды.
Үздік мектеп кітапханашысы-2021
17
февраль
2021
Үздік мектеп кітапханашысы-2021
15.02.2021 ж.  АЛМАТЫ қаласы мектептерінің кітапханашылары арасында өткізілген "Үздік мектеп кітапханашысы" атты байқауға мектеп- лицейіміздің кітапханашысы- КАЛИЕВА КАРЛЫГАШ КУАНДЫКОВНА қатысып, 2- орынды иеленді. Аталып отырған онлайн іс-шараға Алматы қаласының 28 мектебі қатысып, төмендегідей жұмыстарды тапсырды: 1.Жаңа кітаптар туралы презентация; 2.Пандемия кезіндегі кітапханашы жұмысы; 3.Оқу мектебі жобасы.  
Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек қалай көрсетіледі? практикалық сабақ
17
февраль
2021
Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек қалай көрсетіледі? практикалық
Б.Момышұлы атындағы№131 мектеп-лицейінде 2021 жылдың 16 ақпанында 1 наурыз -  азаматтық қорғаныс күніне байланысты кезекші  сыныптармен " Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек қалай көрсетіледі?" тақырыбында АӘТД пәнінің мұғалімі Джаманкеев Ермек Конакбаевич практикалық сынып сағатын өткізді. Оқушылар жарақат кезіндегі алғашқы көмекке байланысты қызықтырған сұрақтарына жауап алды.