«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін » 131 мектеп лицей
Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін
12
ноябрь
2020

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін

Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 27 мамырдағы
 № 223 бұйрығына
 1-қосымша

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида)

1. Жалпы ережелер

1. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны қалыптастыру тәртібін анықтайды.

2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.

3. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне және/немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталына жүгінеді.

5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде тіркеуші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Балаларды консультацияға алдын ала жазу журналына психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру күнін тағайындайды және көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар пакетін психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерудің белгіленген күні ұсынады.

Телефон арқылы және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде алдын ала жазылу көзделген.

6. «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «Отбасы» бөлімінде электрондық мемлекеттік қызметті таңдауды, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруды және құжаттар топтамасын бекітуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық сұрау салудың мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсету күні туралы хабарлама жібереді.

7. Мемлекеттік қызметті алу үшін кезекте күту уақыты отыз күнтізбелік күнге дейін құрайды.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді.

9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде тіркеуші көрсетілетін қызметті алушы келген кезде белгіленген күні көрсетілетін қызметті алушының деректерін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ПМПК-да Балаларды тексеруді есепке алу журналына енгізеді, құжаттар топтамасын мамандарға береді.

10. Құжаттар топтамасын алғаннан кейін мамандар ата-анасының (заңды өкілдерінің) қатысуымен баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді және қызмет берушінің мамандарымен кеңес беруді жүргізеді.

11. Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруден кейін көрсетілетін қызметті берушінің мамандары ұсынылған білім беру, медициналық және әлеуметтік қызметтер, білім беру бағдарламасының түрі көрсетілген жазбаша қорытындыны әзірлейді.

12. Жазбаша қорытындыға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға тексерілген күні беріледі және/немесе көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанында жібереді.

13. Заңының 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.


















«Мүмкіндіктері шектеулі
 балаларды психологиялық-
 медициналық-педагогикалық
 тексеру және оларға
 консультациялық
 көмек көрсету» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет қағидасына
 1-қосымша

Балаларды консультацияға алдын ала жазу журналы

Тексеру күні

Дата обследования

Тексеру уақыты

Время обследования

Баланың ТАӘ (ол болған жағдайда)

ФИО ребенка(при его наличии)

Баланың

ЖСН

ИИН ребенка

Жасы

Возраст

ПМПК-ға келу себептері

Основание обращения в ПМПК
















«Мүмкіндіктері шектеулі
 балаларды психологиялық-
 медициналық-педагогикалық
 тексеру және оларға
 консультациялық
 көмек көрсету» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет қағидасына
 2-қосымша

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

11

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация

2

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

-психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация;

- «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz;

3

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті алу үшін кезекте күту уақыты отыз күнтізбелік күнге дейін құрайды.

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде психологиялық-медициналық-педагогикалық қарау күні жүгінген күні белгіленеді.

Портал арқылы жүгінген кезде психологиялық-медициналық-педагогикалық сараптама күні 2 (екі) жұмыс күні ішінде тағайындалады.

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минутан аспайды.

Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.

44

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

Қағаз түрінде

55

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қорытынды немесе 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

66

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

77

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында және көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген.

Өтініш қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша жүгінген күні кезекке сәйкес сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады.

Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы заңының 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Телефон және/немесе көрсетілетін қызметті алушының тікелей жүгінуі арқылы алдын ала жазылу қарастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

2) www.egov.kz порталында орналасқан.

88

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге:

1) туу туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы);

2) мүгедектігі туралы қорытындының (бар болса);

3) денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін) (бар болса).

Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:

1) денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттама нысандары:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 112/е «Баланың даму тарихы» нысаны;

№ 027/е «Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме» нысаны;

2) білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;

3) оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері.

1), 2) тармақшаларындағы құжаттар түпнұсқада және көшірме түрінде көрсетіледі, салыстырылған соң түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жүгінген кезде:

1) туу туралы куәліктің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы);

2) мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі (бар болса);

3)денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін) (бар болса).

Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:

1) денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттама нысандары:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 112/е «Баланың даму тарихы» нысаны;

№ 027/е «Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме» нысаны;

2) білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;

3) оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.

99

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді.

110

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Порталдағы «жеке кабинеттен» ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.




















«Мүмкіндіктері шектеулі
 балаларды психологиялық-
 медициналық-педагогикалық
 тексеру және оларға
 консультациялық көмек
 көрсету» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет қағидасына
 3-қосымша

_____________________________________________

Білім беру ұйымының атауы

Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама

Құрметті ______________________Сіздің құжаттарыңыз қабылданды.

Тегі Аты Әкесінің аты

Сізге тексеруден өту қажеттігін еске саламыз.

Тексеру түрі: _______________________

Бастапқы/қайталама

Тексеру күні: _____________________

Өткізу орны: _________________________________________________

ПМПК, ППТК, ОО, БҰ ұйымы атауы

Мекенжайы:____________________

Ұйым мекенжайы

Орынд.: _______________________________

Тегі Аты Әкесінің аты

Тел.:

Күні:








«Мүмкіндіктері шектеулі
 балаларды психологиялық-
 медициналық-педагогикалық
 тексеру және оларға
 консультациялық көмек
 көрсету» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет қағидасына
 4-қосымша

Нысан

(Көрсетілетін қызметті
 алушының тегі, аты, әкесінің
 аты (болған жағдайда) не
 ұйымының атауы)
 ____________________________
 (көрсетілетін қызметті
 алушының мекенжайы)

____________________________________________________________________

Білім беру ұйымының атауы, мекенжайы

ТАӘ: ___________ ЖСН:_________________ Мекенжай:_________________

Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы

ХАБАРЛАМА

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, (Көрсетілетін қызметті беруші ұйымының атауы)

____________________________________________________________________

                                               бас тарту себебі

байланысты мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету (Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы) үшін құжаттар қабылдаудан бас тартады.

Орынд.: Тегі, аты, әкесінің аты

Тел.:

Күні:





«Мүмкіндіктері шектеулі
 балаларды психологиялық-
 медициналық-педагогикалық
 тексеру және оларға
 консультациялық көмек
 көрсету» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет қағидасына
 5-қосымша

ПМПК-да балаларды тексеруді есепке алу журналы

Баланың ТАӘ (ол болған жағдайда)

ФИО ребенка (при его наличии)

Туылған күні

Дата рождения

Тексерілген күні

Дата обследования

Бастапкы

Диагнозы

Предварительный диагноз

Мекенжайы

Домашний адрес

ПМПК қорытындысы

Заключение ПМПК

Ұсынымдар

Рекомендации
















«Мүмкіндіктері шектеулі
 балаларды психологиялық-
 медициналық-педагогикалық
 тексеру және оларға
 консультациялық көмек
 көрсету» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет қағидасына
 6-қосымша

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация __________

                                                                       мекенжайы

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы

ТАӘ:

ЖСН:

Кеңестен өткені жайлы__________________ тексерілген күні

1. Қорытынды

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

2. Оқыту және тәрбиелеу, түзеу-педагогикалық қолдау бойынша ұсынымдар

____________________________________________________________________

ПМПК меңгерушісі/басшысы ТАӘ

1-маманның лауазымы және қолы

2-маманның лауазымы және қолы

Күні:


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: