«Білімім – Отаныма!» 🇰🇿
Бүгін мектебімізде 11-сынып түлектеріне арналған ерекше де әсерлі салтанатты жиын өтті. Тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп қабырғасында білім мен тәрбие алған жас түлектер үлкен өмірге қадам басты. ✨ Бұл күн – балалықпен қоштасып, болашаққа бағыт алған сәт. Мектеп тарихында мәңгі сақталатын, әр түлектің жүрегінде өшпес із қалдыратын ерекше күн. Қымбатты түлектер, ақ жол! Армандарыңыз асқақ, білімдеріңіз ел игілігіне қызмет етсін! 💙📚