Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар
Ата-аналарға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.
02
февраль
2026
Ата-аналарға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.
29 қаңтар күні мектебімізде ата-аналарға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі және білім беру үдерісіне қатысты өздерін толғандырған мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат алды. Кездесу мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. ​https://www.instagram.com/reel/DUI_lwQDb26/?igsh=MWN2cXM3dTNnMnNodw==​​​ 
МИФ апталығы «Цифрлы ұстаз — 2026» байқауымен салтанатты түрде өз мәресіне жетті.
30
январь
2026
МИФ апталығы «Цифрлы ұстаз — 2026» байқауымен салтанатты түрде өз
Мектебімізде өткен МИФ (Математика, Информатика, Физика) апталығы «Цифрлы ұстаз — 2026» байқауымен салтанатты түрде өз мәресіне жетті. 💻✨Жас мамандар заманауи технологиялар, жасанды интеллект және интерактивті әдістерді тиімді қолдана отырып, кәсіби шеберліктерін көрсетті.https://www.instagram.com/reel/DUN-RKUjYNr/?igsh=MWtuNDF2Nm05OTM5Zg== 
Бүгін мектебімізде «ЖИ дәуіріндегі мұғалімнің рөлі: болашақ білім» тақырыбында семинар өтті.
30
январь
2026
Бүгін мектебімізде «ЖИ дәуіріндегі мұғалімнің рөлі: болашақ білім»
Семинар барысында жасанды интеллекттің білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктері, оны сабақта тиімді қолдану жолдары және заманауи мұғалімнің рөлі талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, ЖИ құралдарымен танысты. 👨‍💻👩‍💻 Семинарды өткізген: Информатика пәні мұғалімдері Сарсенов А.Б. Саргалтакова К.М. Болашақ білім – технология мен мұғалім шеберлігінің үйлесімінде! #ЖИ #БолашақБілім #Мұғалім #Информатика #Семинар #ЦифрлықБілім
Бүгін 8-ші сынып оқушылары үшін профилактикалық іс-шара өткізілді.
27
январь
2026
Бүгін 8-ші сынып оқушылары үшін профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Медеу ауданы ПБ ст. лейтенанты Айтпенбет А.Б., ОЮБ инспекторы капитан Сагадиева Ф.А., сонымен қатар нарколог дәрігер Трубникова А.А. қатысты. Тақырыптар: ✅Нашақорлық, алкоголь және темекі өнімдерін қолдануды алдын алу ✅Қоғамдағы дұрыс мінез-құлық ережелері ✅Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік ✅Буллинг және кибербуллинг Барлық тақырыптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарастырылды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 50 Вперед