"Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен" атты салтанатты кеш » 131 мектеп лицей
Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен" атты салтанатты кеш
21
декабрь
2023

"Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен" атты салтанатты кеш

2023 жылдың 21-желтоқсанында мектебімізде қаруы мен қаламын қатар ұстаған жазушы, ойы терең философ, ұлт патриоты, еліне ес, дұшпанға сес болған баhадүр батыр – Бауыржан Момышұлының туғанына 113 жыл толуына арналған «Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен» атты салтанатты кеш өтті. Бұл кеште Б.Момышұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өткізілір, Б.Момышұлының мұражайына саяхат жасалды. Іс-шараға қиялы ұшқыр, рухы асқақ, қанқұйлы соғыста шепті жарып, шеңбер бұзған, құрсауланған дәуірде тас шайнап, от жұтқан, басы ноқтаға сыймаған батырдың тілін таба білген, ардақтап, аялай білген, ата аманатын саф алтындай сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізе білген этнограф-жазушы,қоғам қайраткері, ұлттық құндылықтарды насихаттаушы, Бауыржан бабамыздың келіні Зейнеп Ахметова анамыз, Ауған жауынгерлерінің қоғамдық ұйымының басшысы, Алматы қалалық ардагерлер ұйымының төрағасының орынбасары, полковник Абдушукуров Мұрат Мұхтарұлы. «Рухани жаңғыру және Бауыржан Момышұлы мұрасы» жобасының үйлестірушісі Масатбаев Оралжан Жақаұлы, Алматы қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы болашақ әскери мамандар, ел қорғандарын даярлайтын «Жас ұлан» Республикалық мектебінің оқу-әдістемелік бөлім бастығының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Гүлімжан Мұхамеджанқызы кешіміздің қадірменді қонағы болды. Шара барысында 2023 жылдың 20-желтоқсанында Медеу ауданы Білім бөлімі мен Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейі ұйымдастырған “Біз Бауыржанды танимыз” атты байқаудың жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, патриот оқушыларымызды «Жас сарбаз» қатарына қабылдау рәсімі өтті. Оқушылар алғашқы анттарын қабылдап, «Жас сарбаз» куәлігін алды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: