Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін мектебімізде ерекше тағылымға толы «Ерлік сабағы» өтті.
13
февраль
2026

Бүгін мектебімізде ерекше тағылымға толы «Ерлік сабағы» өтті.

Іс-шара Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына арналды.

Оқушыларға Отан алдындағы борыш, батырлық, ерлік пен бейбіт өмірдің қадірі туралы айтылып, әскери қызметтің маңызы түсіндірілді. Сабақ барысында Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы әскери қызметтен өткен ардагерлері қонақ болып келіп, өз өмір жолдарымен, әскери естеліктерімен бөлісті. Оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, ерлік пен отансүйгіштік жайлы тағылымды әңгіме тыңдады.
Іс-шараға 7А, 10А, 10Ә, 10Г, 11Г сынып оқушылары қатысып, әскери формада келіп, ерекше жауапкершілік танытты.
Кеш жүргізушілері: Диас, Габбас және Камила Оспанова.
Мақсаты — жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру, тарихты құрметтеуге және бейбітшіліктің бағасын түсінуге тәрбиелеу.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: