Аягүл Төреқызы Миразовамен 8-10 сынып оқушылары арасында кездесу кеші өтті » 131 мектеп лицей
Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аягүл Төреқызы Миразовамен 8-10 сынып оқушылары арасында кездесу кеші өтті
17
апрель
2019

Аягүл Төреқызы Миразовамен 8-10 сынып оқушылары арасында кездесу кеші өтті

16 сәуір 2019 жылы Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында және Медеу аудандық «Ұрпақтар сабақтастығы» акциясы бойынша  Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі, «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ардагер ұстаз, Алматы қаласының Құрметті азаматы Аягүл Төреқызы Миразовамен 8-10 сынып оқушылары арасында  кездесу кеші өтті. Кездесу кешінде оқушылар Аягүл Төреқызының өз аузынан оның өмір жолы, педагогикалық жетістіктері, ұстаздық қызметіндегі есте қаларлық керемет сәттері туралы біліп, өздерінің осыған дейін білетін ақпараттарын толықтырды. Жағымды ахуал атмосферасында өткен кеш, әр шәкірттің жүрегінде ерекше сезім тудырды. Оқушыларды жылы лебізімен, керемет кездесу сәтімен риза еткен Аягүл Төреқызына мектеп директоры Достанова Роза Зияханқызы шексіз алғыс білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: