Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көсемі » 131 мектеп лицей
Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көсемі
30
сентябрь
2021

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көсемі

Қазақстан Республиканың Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 22 қыркүйек Қазақстан Халықтарының Тілдер мерекесі апталығының 10 күндігі аясында, Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына қарсы, мектебіміздің тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көсемі»  тақырыбында  2021 жылдың 29 қыркүйегінде кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің қадірменді қонағы болып А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, Ахметтанушы  ғалым Жұбаева Орынай ханым келді. Іс-шараға мектеп оқушылары мен ұстаздары ат салысты. Атап айтатын болсақ: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Қоблаш Ақнұр, Мырзабек Мерейлім, Жапсарбай Айым. 11 Г сынып оқушылары Рахманов Бекжан, Барамышов Сағыныш, 5 Д сынып оқушысы Сагат Амир, 8  А сынып оқушысы Абдулкаир Ақнұр, 6 ж сынып оқушысы Қадырбаева Алия сынды оқушыларымыз өз өнерлерін ортаға салып, белсене қатысты. Жұбаева Орынай ханым А.Байтұрсынов туралы зерттеген тың деректерімен бөлісіп, тіл мәселесіне де қатысты ақпараттармен бөлісті. Кездесу жоғарғы дәрежеде өтті. Кездесу соңында мектебіміздің директоры Достанова Роза Зияханова мен кеш қонақтары сөз алды. Оқушыларымызға жақсы тілектерін жаудырды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: