Балаларды қорғау күні » 131 мектеп лицей
Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балаларды қорғау күні
10
июнь
2022

Балаларды қорғау күні

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында оңтүстік астанада алғаш рет 2022 жылғы 5 мамырда ауқымды іс-шара – «Алматы БАЛАFEST» қалалық балалар фестивалі өткізілді.Фестивальдің мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, оларды белсенді демалыс пен спортқа тарту; қалада мерекелік атмосфера құру.  Жалпы қамту: 300 мыңнан астам бала.  Фестиваль аясында 7 қалалық байқау ұйымдастырылады, оған ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар да қатысады:  1. «Жұлдызды сәт» (музыкалық шығармашылық және хореография)  2. «Open Air Спорт» (Спорт және салауатты өмір салты)   3. «Бояулар құпиясы» (бейнелеу өнері)   4. «Хакатон - IT Universe» (IT, дрондар және робототехника)  5. «Өнерлі бала» (сәндік-қолданбалы өнер)  6. «Кітап-білім бұлағы» (әдеби оқу)  7. «Жасыл Алматы» (Экология және қоршаған орта) білім ордамызда аталып отырған іс-шараның барлық бағыттары бойынша мектепішілік кезеңі өткізіді. «БалаFest» фестивалінің аудандық кезеңіне  мектебіміздің 14 оқушысы қатысып, оның 11, қалалық кезеңге алтауы   қатысып 3 оқушымыз жүлделі орынға ие болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: