Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Саптық ән" тақырыбында сайыс өткізілді
15
февраль
2020
"Саптық ән" тақырыбында сайыс өткізілді
15.02.2020 ж. Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің  9-10 сынып оқушыларының арасында жылдар бойы келе жатқан дәстүр бойынша "Саптық ән" тақырыбында сайыс өткізілді. Сайысқа 8 сынып қатысып, нәтижесінде 1-орынды  10Ә , 2-орынды  10А ,  3-орынды 9 Г , арқан тартыстан 9 А иеленді. -Жеңістеріңіз жемісті болсын!- дей отырып,  сайыста белсенділік танытып, атсалысқан барлық  сынып жетекшілері мен оқушыларға алғыс білдіреміз.
Ауған соғысында құрбан болған ел азаматтарын еске алу іс-шарасы
15
февраль
2020
Ауған соғысында құрбан болған ел азаматтарын еске алу іс-шарасы
-2020 жылдың 15 ақпанында 28 Панфиловшылар саябағында ұйымдастырылған Ауған соғысында құрбан болған ел азаматтарын еске алу іс-шарасына  білім ордамыздың "Жас сарбаз" сыныбының оқушылары да теңізге тамған тамшыдай өз үлестерін қосып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
"Мейірімділік жүрегімде"
03
февраль
2020
"Мейірімділік жүрегімде"
03.02.2020 ж. 1,2-ауысымның мектеп жиынында "Мейірімділік жүрегімде" онкүндігінің ашылуы болды. "Өзін-өзі тану:Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндіктің салтанатты ашылу сәтінен көрініс. 
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейдің 1-11 сынып оқушыларының арасында жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.
30
декабрь
2019
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейдің 1-11 сынып оқушыларының
3-26.12.2019 ж. Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейдің 1-11 сынып оқушыларының арасында жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Іс-шараны мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен,  10 А және 10 Г сынып оқушылары жауапкершілікпен атқарып шықты. Аталған шараға атсалысқан оқушылар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз. Жаңа жылымыз жақсы жыл болып, басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын, халайық!
Мектебіміздің мақтанышы
23
декабрь
2019
Мектебіміздің мақтанышы
23.12 .2019 ж. әр аптаның дүйсенбі күні өткізілетін жиынында мектеп оқушылары мен ұстаздары әртүрлі олимпиада, қалалық ғылыми жоба қорғауға қатысып алған мадақтама қағаздарымен марапатталды. Осындай мектебіміздің мақтанышы болып жүрген оқушы, ұстаздарымыздың қатары көбейе берсін! 
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп -лицейдің директорының басшылығымен ұстаздары мен оқушылардың ұйымдастырып, атсалысуымен  Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы- Бауыржан Момышұлыны
21
декабрь
2019
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп -лицейдің директорының басшылығымен
21.12.2019 ж. Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп -лицейдің директорының басшылығымен ұстаздары мен оқушылардың ұйымдастырып, атсалысуымен  Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы- Бауыржан Момышұлының туылған күні қарсаңында үлкен іс-шара өткізілді. Мектеп дәстүрі бойынша мектебімізге арнайы қонақтар шақырылды. Осы шара барысында білім ордамыздың үздік оқушылары "Жас Бауыржаншылар" қатарына қабылданып және осы оқу жылында ашылған
Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті- Елбасы күніне арналған жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізілді
30
ноябрь
2019
Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті- Елбасы күніне арналған
2019 ж. 29 қарашасында Алматы қаласы Білім басқармасының "Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті- Елбасы күніне арналған жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізілді. Бұл іс-шараға Медеу ауданы әкімінің көмекшісі Ажиманов Азат қатысты.
Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Архивіне экскурсия
21
ноябрь
2019
Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Архивіне экскурсия
Медеу ауданының, білім ордаларының  оқушылары мен  ұстаздары, сондай-ақ Б.Момышұлы атындағы 131 мектеп-лицей шәкірттері мен мұғалімдері Медеу ауданының әкімі мен Нұр Отан партиясының ұйымдастыруымен, Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы А.А.Сапарованың басшылығымен Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Архивіне экскурсия жасап қайтты. Аталып отырған іс-шаралар ізбасарларымызға үлкен ой салып, үлкен тәлім -тәрбие алды дей аламыз.
Бүгін және болашақ
13
ноябрь
2019
Бүгін және болашақ
Бүгін, 2019 жылдың  13 қарашасында  ҚР БҒ министрлігінің хаттамасының негізіндеАлматы білім басқармасының басшылығымен "Б. Момышұлы атындағы #131 мектеп-лицей" КММ 5-11 сынып оқушыларымен " Бүгін және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ тақырыбында Бүкіләлемдік бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшілері сынып сағатын әртүрлі формада жүргізіп, балалардың  негізгі құқықтарын тағы бір естеріне салып өтті.