«Адал ұрпақ» бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар есебі » 131 мектеп лицей
Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Адал ұрпақ» бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар есебі
17
февраль
2021

«Адал ұрпақ» бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар есебі

-1-

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №131 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ

 «Адал ұрпақ» бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар есебі


БРИФИНГТІҢ ӨТУ БАРЫСЫ:

  • Сәлеметсіздер құрметті көрермендер, әріптестер, ата-аналар! Алдымен, өзімді таныстыра кетейін, мен - Достанова Роза ЗияхановнаАлматы қаласы, Медеу ауданындағы «Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей» КММ  директорымын. 2016  жылы директор міндетін атқарып, 2017 жылдың 19 мамырынан  директор қызметін атқарып келемін. Атқарылған іс-шаралар туралы айтпас бұрын, мектеп жайлы тоқталғым келіп отыр.

МЕКТЕП ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ:

Мектеп-лицейдің іргетасы қаланып, жас ұрпаққа білім есігін айқара ашқанына    32 жыл толып отыр, сондай-ақ, аты аңызға, сөзі нақылға айналған тұлға Бауыржан Момышұлының атындағы мектеп талай тарландардың табанының ізі, маңдайының тері сіңген, талай аузымен құс тістеген  дүлдүлдер түлеп ұшқан қастерлі де қасиетті орда, білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы.

 Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен батыр атамыздың есімін ұлықтау, өшпес ерлігін дәріптеу, тау тұлғасына тағзым ету – мектеп-лицейіміздің әрбір ұланының қасиетті борышы.

  • Мектептің жоба сыйымдылығы – 940 оқушыға арналған, бүгінгі таңда 2021 оқушы қазақ және орыс тілінде білім алуда. Білім іздеп келген әр бала, оның   ата-анасы үшін біздің мектебіміздің есігі әрдайым ашық! 
  • Ұстаз болғаннан кейін біз балаларға, жасөспірімдерге білім мен тәрбие беріп қоймай, сонымен қатар адалдық, шыншылдық, сенімділік деген ұғымдарын түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп отырамыз. Себебі, бұл біздің негізгі міндетіміз, мақсатымыз! 
  • Айтар болсақ,  Елбасының «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарының 13-қадамында айтылған, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттерін іске асыруда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігі, Жергілікті әкімдіктердің қолдауымен 2015 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес  мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жобасы жұмысын бастаған болатын.

«АДАЛ ҰРПАҚ»   БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ БАЯНДАМА:

  • 2018 жылдан бастап осы жоба аясында мектебімізде  «Адал ұрпақ» еріктілер ұйымы құрылған болатын. 


-2-

  • Ұйымның қызметіне келетін болсақ, өзінің жеке жұмыс жоспары, мақсаты, міндеті және ұраны бар және сенім жәшігі, сенім телефоны жұмыс жасайды. Ал, жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін  7 және 11-сынып аралығанда жүргізуді жөн көрдік, әрине, сол жас ерекшеліктеріне қарай! 
  • Әр оқу жылының басында «Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспары,жауапты тұлғалар тағайындалып, ұжымға таныстырылады, сонымен қатар арнайы білім басқармасының хатына сәйкес әртүрлі қажеттіліктерге ақша жинамау туралы бұйрық шығарылып, мұғалімдер мен ата-аналар танысып, қол қойып , бұйрық фойеге ілінеді. Педагогикалық кеңес отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты және этика кодексі қаралып, бекітілді. Мектеп қызметкерлері мен жұмысшылары қызметтік әдеп кодексімен таныстырылды. Мектеп қаражатын жұмсау бойынша ата-аналар мен мектеп қызметшілер алдында әр тоқсан бойынша есеп беріліп, мектеп сайтына салынады.Ата-аналар жиналысында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында  құқықтық сауаттылығын арттыру жиындар өткізілді.  Әрбір оқу жылында жаңартылып отыратын «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, жауапты адамдар жоспарға сай жұмыстар жүргізді. Қазіргі кезде, жалпы бұл ұйымда  520  бала мүшелік етеді. Бұл «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі – тарих пәнінің мұғалімі- Тюебаева Асемгуль Кайсаровна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -  Жиганбаева Мадина Кенжебековна  қадағалайды. Мектеп регламент пен стандартты сақтай отырып қызмет көрсетеді және мектеп сайтына орналастырылып отырады. Ұйымның ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық   тәуекелдерін анықтау бойынша мүдделер қақтығысы , жалпы қызметкерлер мен басшы арасында және оның орынбасарларымен үлестестік фактілер болған жоқ, ұжым тұрақты.

     - Қазіргі таңда, осы «Адал ұрпақ» еріктілер ұйымының рөлі орасан зор! Себебі ол патриоттық клуб екенін де айтқым келеді.    «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері: мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай міндеттерді негізге ала отырып, «Адал Ұрпақ» ұйымының әр оқу жылына жұмыс жоспары  бекітіледі, сондай-ақ, оқушыларды клуб мүшелігіне қабылдау жұмыстары  жүргізіледі.  Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістіктерге жететіндеріне сенімдіміз. Жұмыс жоспарына сай  «Адал ұрпақ» патриоттық клубы мүшелерінің отырысы, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, пікірталас практикумдары, елімізге танымал тұлғалармен кездесулер оқушылардың 

                                                                   -3-

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру бағытында өткізілуде. Сонымен қатар,  2019-2020 оқу жылында  мектебімізде жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру бағдарламасының іске асырылуы бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді

 - Республикалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Адалдық сағаттарын»  интерактивті түрде өту туралы қаулысына сәйкес сынып сағаттар өткізілді. Бұл сынып сағатының негізгі мақсаты: оқушы бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ»   ерікті  мектеп  клубының жұмыс жоспарына сәйкес қазан  айының 2 жұлдызында «Адал Ұрпақ»  ерікті мектеп клубының күн тәртібіндегі  отырысы өтті. Қарастырылған мәселелер: мектеп ортасында жастарды рухани өнегелікке және азаматтық - отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.  Жиынға клуб мүшелері толықтай қатысты.

31.10.2020 жылы мектебіміздің "Адал ұрпақ" клубының мүшелерімен " Әділдік пен адалдық " тақырыбында конференция өткізілді. Мақсаты:оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру; олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру. Аталған іс-шараға мектеп инспекторы Кумисбаева Нұржамилә  қатысып, ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" заңы бойынша  және коменданттық сағат туралы мәлімет берді. Клуб жетекшісі -Тюебаева А.К. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Жиганбаева М.К.  оқушылармен адалдық, ар-ождан, патриоттық тақырыптарында әңгімелесті.

Дебат клубының көшбасшылары «Мектепте академиялық адалдықты қалыптастыру керек» тақырыбында пікір-талас жүргізді.Бірінші топтағы балалар сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға болады десе, екінші топ, бұл мәселені шешу үшін тың идеялар керекетігін дәлелдеп қызу талқыға салды. 

Мектеп - лицейіміздің  белсенді отбасыларының бірі - Қалиевтар  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен болған "Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен парасаттылық құндылықтарын ілгерілетуге және отбасы өнегесін дәріптеуге үлес қосқан Парасатты отбасы" байқауына қатысып, 1- орынды иеленді.

Сонымен қатар, биыл Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай  Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерейтойына  арналған іс-шаралар 

жоспары құрылып, тағылымға толы тәрбие сағаттары, тарихи-танымдық сабақтар, интеллектуалды байқаулар, адалдық сағаттар өткізілді. Атап айтар болсам, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен  « Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен «Ар -намысты арқалаған рухты батыр - Бауыржан» тақырыбында онлайн-адалдық сабағы өтті.

Қазақстан Республикасының Президент күні қарсаңында мектеп- лицейіміздің 9-10 сыныптар арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған " Елбасы- ел тірегі" тақырыбында эссе жазудан байқауы өткізіліп, мадақтама қағаздарымен марапатталды. 2020 жылдың қараша айының 03 жұлдызында  Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған жоспар бойынша  1-11 сынып оқушыларымен "Алтын басты болсаң да ардан артық емессің"  тақырыбында   сынып сағаттары  өткізілді.Сынып сағатының мақсаты: Бауыржан Момышұлының мұраларын негізге ала отырып, оқушылардың бойында , адалдық , әділдік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Келесі кезекте тағы да қалыптасқан үрдістердің бірі – Елімізге танымал әр түрлі саладағы (спорт, мәдениет, білім)  тұлғалармен кездесу өткізу. Негізгі мақсаты: ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғастыру. Кездесулерден  оқушылармыз көптеген ақыл-кеңестер, рухани тәрбие алды. Ол жерде, ата-ананы әрдайым сыйлау, үлкенге құрмет – кішіге ізет көрсету, адалдық әрдайым адаспайтын жол екеніндігін түсінеді. Олай болса, кино және театр актрисасы,қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері,Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері - Меруерт Қаратайқызы Өтекешeвамен, Ауған соғысының ардагері-Жолаев Мырзабек Дауреновичпен, халықаралық «Қазақ тілі»қоғамының мүшесі-Қазақбай Таштемірұлы Қасимовпен, Желтоқсан қаһармандары-Гулмира Мустафина, Кенжегүл Жұмағалиқызы, Алмагүл Қайымқызымен, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор- Өмірзақ Айтбайұлымен, ҚР еңбек сіңірген 

спорт шебері, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері - Ислам Байрамуковпен, актер, Қазақ елінің халық әртісі - Нұржұман Байжұманұлы Ықтымбаевпен, филология ғылымының докторы, профессор,  Алғыс айту күнініне орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат ордені» нің және "Тіл жанашыры" құрмет белгісінің иегері- Осман Асылы   Әлиқызымен, әр оқу жылында Бауыржан Момышұлының келіні - Зейнеп Ахметовамен, ұлы ақын, ойшыл, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін" тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізіліп, доцент филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы -Бекбосынов Марат Нурғазыұлымен, қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері-Шишигина Ольга Васильевнамен кездесу ұйымдастырылды

Карантин жағдайына қарамастан қашықтықтан оқу кезеңінде де  «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмыстары жүргізілуде. 

22.12.2020 ж. Б. Момышұлы атындағы № 131 мектеп- лицейінде елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр - Бауыржан Момышұлының туылғанына 110 жыл толу мерейтойын онлайн конференцияда атап өттік. Іс-шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, әскери ғылымдарының докторы, профессор - Серикбаев Ким Серикбаевич, танымал жазушы, Бауыржантанушы - Мамытбек Қалдыбайұлы , халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, танымал жазушы- Ғаббас Қабышұлы  қатысып, мектеп ұстаздары мен  «Адал ұрпақ» клубының  мүшелерімен қоғамда болып жатқан індетке байланысты онлайн  жүздесті.

Бауыржан атамыздың 110 жылдығына орай лицейіміздің 8 " А" және 8 "Ә" сыныптарымен "100 кітап" жобасы бойынша "Б.Момышұлының Ұшқан ұя шығармасының тәлімдік мәні " тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі- Серік Айгерім  танымдық сабақ өткізді. Аталып отырған іс-шараға оқушылар белсенділікпен араласып, шығармадан алған білім-біліктерін ортаға салып, өзара талқылады.

Әр оқу жылының тоқсаны бойынша мектеп басшысы ретінде ата-ана және мектеп ұжымы алдында есеп беру жиналыстарын өткіземін. Жиналыс барысында жыл бойына мектептің материалдық-техникалық  базасын нығайту мақсатында, компьютер, моноблок тағы басқа техникамен қамтамасыз ету үшін, заманауи кабинеттер жасақтауға, мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына, карантин кезеңіндегі дезинфекциялық жабдықтар мен құралдарды сатып алу бойынша және тағы басқа мектептің шығындарына жұмсалған мектеп бюджеті жайлы айқын және түсінікті ақпарат ұсынылып, мектеп сайтына жарияланды.

          «Адалдық – ардың ісі» атты таңғы кездесу сағаттары өткізілді. Таңғы кездесу оффлайн оқитын сыныптарда адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алатын орны туралы бағыт беруге айқындалған. Олардың адамдар үшін адал өмір сүру, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйретеді.

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларымен адалдық сағаттары өткізілді.

7- сыныптармен «Біз адал нағыз патриоттардың ұрпағымыз» тақырыбында онлайн конференциясы өткізілді. Мақсаты: азаматтықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

      Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау «Еnbek kz» порталы арқылы жүзеге асырылса, оқушылар қабылдау  «bilimalmaty.kz» порталы арқылы тіркеліп, мектепке қабылданып Ұлттық білім беру деректер қорына (ҰББДҚ) енгізіледі. 

         Бауыржан Момышұлының «Алтынбасты болсаң да ардан артық емессің» деген нақыл сөзімен аяқтағым келіп отыр. Қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.  Назарларыңызға рақмет!










Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: