Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің кітапхананысын пайдалану ережелері » 131 мектеп лицей
Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің кітапхананысын пайдалану ережелері
05
сентябрь
2018

Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің кітапхананысын пайдалану ережелері

Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің

кітапхананысын пайдалану ережелері


1. Жалпы ережелер


        Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейініңмектеп кітапханасын пайдаланудың үлгі қағидалары орта білім беретін ұйымның кітапханасы туралы үлгі ереже негізінде әзірленді.

  1.  Мектеп кітапханасын пайдалану қағидалары - оқырманның кітапханамен өзара карым-қатынасын бекітетін кұжат және оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін, кітапхана қорына қолжетімділік тәртібін, оқырмандар мен кітапхананың құқыктары мен міндеттерін белгілейді.
  2.  Кітапхана білім беру үдерісінің барлық қатысушылары - мектеп әкімшілігіне, педагогика ұжымына, оқушылар мен ата-аналарға (әрі карай оқырмандарға) жеке және өздігінен білім алу жұмысы үшін кітапхана және ақпарат-библиографиялық қызмет көрсетудің дәстүрлі нысаңдары мен әдістерін пайдалана отырып білім беру және педагогикалық ақпаратқа еркін қолжетімділікті үсынады.
  3.   Кітапхананың жүмыс режімін орта білім беретін үйымның ішкі еңбек тэртібі қағидаларына сәйкес мектеп директоры белгілейді.

1.4. Оқырман-окушыларға қызмет көрсетудің саралы тәсілін қамтамасыз ету үшін окушылардың жекелеген топтарына сыныптарымен белгілі бір күндерді (сағатгарды) бөлу арқылы кітапхананың жұмыс кестесі әзірленеді.

2. Кітапхананы пайдалану тәртібі

2.1. Кітапхана оқырмандарға абонементте және оқу залында қызмет көрсетеді.

2.2.Оқырмандар қызметіне кітапхана қорларын салалық құрамы әмбебап, дәстүрлі (кітаптар, мерзімді басьшымдар) және электронды акпарат тасығыштағы (СD-ROMультимедиа): оқу, көркем, анықтама, ғылыми-көпшілік, ғылыми-педагогикалық және әдістеме әдебиетінің қоры ұсынылады.

2.3. Оқырмандарды кітапханаға жазу абонементте жүргізіледі:

- окушылар жекелеген ретпен сыныптар (топтар) тізімі бойынша;

-  педагогтар, мектеп қызметкерлері жеке куәлігі бойынша.

  1.  Әрбір оқырманға кітапхананы пайдалануға құқық беретін белгілі бір үлгідегі оқырман формуляры толтырылады.
  2.  Кітапханаға жазылар кезде оқырмандар кітапхананы пайдалану қағидаларымен танысып, оларды орындайтыны туралы міндеттемені оқырман формулярына қол қоюмен растауы тиіс.          
  3.  Оқырман және кітап формуляры оқырманға кітапхана қорынан кұжаттардың берілгені мен оларды кітапханашының қабылдап алу фактісі мен берілген күнін тіркейді.
  4.  Абонементгі пайдалану тәртібі

2.7.1.Абонемент қорындағы кұжаттарды пайдалану мерзімі мен олардың саны шектелген және саралы түрде былайша белгіленеді:

  • оқырман бесеуден артық емес басылымды (оқулықтан басқа) үйіне алу құқығы бар;
  • оқу әдебиеті тиісті пәнді оқу мерзіміне (оку жылының басында міндетті түрде қайта тіркелгеннен кейін) беріледі;
  • әдістеме әдебиеті бір ай мерзімге беріледі, ал даналар саны жеткілікті болған жағдайда тиісті пәнді оқыту мерзіміне (оку жылының басында міндетті түрде қайта тіркелгеннен кейін) беріледі;
  • сыныптан тыс оқу үшін (көркем, ғылыми-көпшілік, танымдық әдебиет) 15 күнге беріледі;

-сирек және құнды басылымдар үйге берілмейді. 

2.7.2.Құжаттарды пайдалану мерзімі оған басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда ұзартылуы немесе басылым бір данада немесе зор сұранысқа ие болған жағдайда кысқартылуы мүмкін.

2.8.          Оку залын пайдалану тәртібі.

2.8.1. Оку залында пайдалануға арналған құжаттар үйге берілмейді.

2.8.2. Энциклопедиялар, анықтамалық, сирек және құнды басылымдар, сондай-ақ мерзімді басылымдар тек оқу залында жүмыс істеу үшін ғана беріледі.

2.8.3.Оқырманның оку залында жүмыс істейтін құжаттарының саны шектелмейді.

Оқырмандар (1-2 сынышар оқушыларынан басқасы) басылымдардың әрбір данасы үшін оқырман формулярына қол қояды, кұжаттардың қайтарылуы кітапханашының қолымен расталады.

  1. Құжаттарды пайдалану мерзімі бітуіне қарай кітапханашы оқырманға құжаттарды он күн мерзіміңде қайтару қажеттігі туралы ескертеді. Егер кұжаттар осы мерзімде кітапханаға қайтарылмаса кітапханашы окупшның ата-анасына (немесе олардың орнындағы адамдарға) оларды кайтару немесе жоғалтқан жағдайда екі айдың ішінде мазмұны мен құны бірдей құжаттармен алмастыру туралы жазбаша талап хат жібереді,

2.11. Оқушыларға оқулықтар мен оку құралдарын беру тәртібі:

2.11.1.Мектеп оқушылары окулықтармен қолданыстағы нұсқаулыққасәйкес қамтамасыз етіледі.

2.11.2.Оқу жылының басында сыныпқа оқулықтар беру 1- 4 сыньштар мұғалімдері, 5-11 сыныптардың сынып жетекшілері немесе тиісті пән мұғалімдері арқылы беріледі.

2.11:3. Мұғалімге сыныпқа оқулыктардың берілу фактісі кггапханада жүргізілетін берілген окульгқтардың есеп журналында тіркеледі.

2.11.4.Орта және жоғары сынып оқушылары әрбір алынған окульгқ үшін кітап формулярына қол қойып, кітапханашыға табыстайды. Берілген окулықтардың жазбасы бар кітап формулярлары окушылардың оқырман формулярларында сақталады. Окушылар (борышкерлер, жаңадан келгендер) окулықтарды айрықша жағдайда ғана кітапханашыдан алады.

  1. Оку жылының соңында окушылар барлық окулықтарды мұғалімге қайтарады. Жазғы кезеңге қажетті окулықтарды беру оқырман формулярларында оқушылардың жеке қолымен тіркеледі.
  2. Мектептен кететін оқушылар окулықтарды кітапханашыға жеке табыстайды. Окушылар мектептен кетер алдында кітапханамен толық есептесуге міндетті. Орта, жоғары кәсіптік білім беретін ұйымдарға түсуге дайындалу үшін қажетті оқу құралдары кітапханамен толық есептескеннен кейін ақшалай кепілмен (оқулықтың нарықтық құнына бара-бар) ғана беріледі.

2.11.7.Сабақ үстінде жүмыс істеуге арналған оку құралдары кабинеттерге бүкіл оку жылы бойына кабинет меңгерушісінің жеке жауапкершілігіне беріледі.

3. Оқырмандардың құқықтары, міндеттері. 

3.1. Оқырмандардың мынадай құқықтары бар:

3.1.1.Кітапхананың анықтама-библиографиялық және ақпарат қызметін пайдалану.

3.1.2.Кітапхана қорларына еркін қолжетімділік.

3.1.3.Кітапхана қорының құрамы мен кітапхананың көрсететін кызметтері туралы толық акпарат алу.

  1. Құжаттар мен басқа да ақпарат көздерін тандау мен іздестіруде кеңесшілік және накты көмек алу.
  2. Кітапхананың аныктама-библиографиялық аппаратын: дәстүрлі каталогтар мен картотекаларды және олардың электронды нұсқаларын пайдалану.

3.1.6.Абонементте және оку залында белгіленген тәртіппен баспа басылымдары мен басқа да акпарат көздерін уақытша пайдалануға алу.

3.1.7. Абонементгің қорынан алынған құжаттардың пайдалану мерзімін ұзарту.

  1.  Кітапхана өткізетін іс-шараларға қатысуға, кітанханаға нақты көмек көрсету.

3.1.10.Кітапханашымен жанжал туған жағдайда мектептің директорына жүгіну.



3.2. Кітапхана оқырмандары мынаған міндетгі:

  1. Кітапхананы пайдалану қағидаларын сактауға.
  2. Жыл сайын оқу жылының басында қайтатіркеуден өтуге.


  1. Кітапханада тыныштық пен тәртіпті сақтауға, кітапхана бөлмесіне үлкен
  2. Портфельдер мен сөмкелерді алып кірмеуге.
  3. Кітапхана қорынан алынған кұжаттарға (онда белгілер жасамауға, сызбауға, жыртпауға, беттерін бүктемеуге және т.т.), құрал-жабдықтар мен саймандарға ұқыппен қарауға.   
  4. Кітапхана бөлмесінен оқырман формулярына жазылмаған құжаттарды алып шықпауға.

3.2.6. Оқу залының қорын тек кітапхана бөлмесінде ғана пайдалануға.

  1. Еркін қолжетімді қордағы әдебиеттердің орналасуы тәртібін бұзбауға,кітапханашының рүқсатынсыз қызмет бөлмесі мен кітап қоймасына кірмеуге.
  2. Кітапхананың баспа құжаттарын алар кезде оқырман онда ақаудың (жыртылған беттерінің, құжатта жазудың және т.б.) жоқ екеніне көз жеткізуге және акаулар табылған жағдайда ол туралы кітапханашыға хабарлауға тиіс, ол құжатта тиісті белгілер соғуға міндетті. Өткізілетін қүжаттардан табылған ақаулар үшін соңғы тапсырушы жауап береді.
  3. Әрбір алынған құжат үшін оқырман және кітап формулярына қол қоюға (бастауыш сыныптар оқушыларынан басқасы).

3.2.10.         Кітапханаға құжаттарды белгіленген мерзімде қайтаруға.

3.2.11.Кұжаттарды жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда оларды сондай немесе олардың көшірмелерімен немесе кітапхананың құны бірдей деп таныған басылымдарымен алмастыруға, айырбастау мүмкін болмаған жағдайда - құжаттардың шынайы нарықтық құнын өтеуге міндетті. Жоғалған, бүлінген құжаттардың құнын кітапхана меңгерушісі(кітапханашы) кітапхананың есеп құжаттарында көрсетілген бағаларға сүйеніп, кітапхана қорларын қайта бағалау коэффициентін қолдана отырып белгілейді.

Кәмелетке толмаған оқырман-оқушыға кітапхана қорынан құжатгар жоғалтқан немесе оған орны толмас залал келтірген жағдайда ата-аналары (немесе олардың орнындағы адамдар) жауапкершілікке тартылады.

  1. Оқырман мектептен кеткен жағдайда өзіне жазылған құжаттарды кітапханаға қайтаруы тиіс.
  2. Мүғалімдер мен мектеп қызметкерлері кеткен жағдайда кітапханада өзінің кету парағын белгілеуге, кетіп бара жатқан окушылардың жеке істері кітапханашының тиісті белгісінен кейін беріледі.

4. Кітапхананьщ құқықтары мен міндеттері

4.1.Кітапхананың мынадай қүқықтары бар:

  1. Оқырмандарға берілген құжаттардың кітапханаға қайтарылуын тұракты бақылау.
  2. Қызмет көрсету мен құжаттарды беруді тек: оқырмандардың оку жылының басында қайта тіркеуден өтіп, өзіне тіркелген барлық әдебиеттерді көрсеткеннен кейін жүзеге асыру; оқырманнан бұрын берілген, пайдалану мерзімі біткен құжаттарды алу.
  3. Оқырманның кітапханаға келтірген залалы үшін өтемақының мөлшерін белгілеу.

4.1.4.Кітапхананы пайдалану қағидаларын бұзғаны, кітапхана кұжаттарын пайдалану мерзімін асырғаны үшін айыппұл санкцияларын белгілеуге, кітапхананы пайдалану құқығынан белгілі бір мерзімге айыру.

  1.  Кітапхана қорынан сол мектептің қызметкері және окушысы болып табылмайтын оқырмандарға кепілге құжаттар беру тәртібін белгілеу.

4.2.          Кітапхана мынаған міндетті:

4.2.1.Кітапхана оқырмандарына олардың сұраныстары мен қажеттіктерін ескере отырып ұтырлы және сапалы қызмет көрсетуге,

4.2.2. Оқырмандардың кітапхана қорларына еркін қолжетімділігін және оларды уақытша пайдалануға тегін беруді қамтамасыз етуге.

4.2.3. Пайдаланушыларды кітапхана көрсететін қызметтердің барлыктүрлері туралы қүлағдар етуге.

4.2.4. Ақпарат көздерін таңдау мен іздестіруде кеңесшілік жұмысжүгізуге, кемек көрсетуге.

4.2.5. Оқырмаңдарды кітапхана-библиография және ақпарат мәдениеті негіздерімен таныстыруға.

  64.2.6.Кітапхана оқырмандарына жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар туғызуға және қолдауға.

  1. Кітапхана қорларын сактау мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, құжаттарды орналастыру мен сақтау, материалдық-техникалық құрал-жабдықтардың сақталуы үшін тиісті санитариялық-гигиеналық жағдайлар туғызуға.

4.2.10. Баспа кұжаттарын шағын жөндеуге және уақтылы түптеуге, бұл жұмысқа кітапхана активін қатыстыруға.

4.2.11.Мектептің ішкі еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес кітапхананың жұмыс режімін қамтамасыз етуге.

4.2.12.Мектеп директорының алдында өз қызметі туралы жүйелі түрде есеп беріп отыруға

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: