Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Үздік мектеп кітапханашысы-2021
17
февраль
2021
Үздік мектеп кітапханашысы-2021
15.02.2021 ж.  АЛМАТЫ қаласы мектептерінің кітапханашылары арасында өткізілген "Үздік мектеп кітапханашысы" атты байқауға мектеп- лицейіміздің кітапханашысы- КАЛИЕВА КАРЛЫГАШ КУАНДЫКОВНА қатысып, 2- орынды иеленді. Аталып отырған онлайн іс-шараға Алматы қаласының 28 мектебі қатысып, төмендегідей жұмыстарды тапсырды: 1.Жаңа кітаптар туралы презентация; 2.Пандемия кезіндегі кітапханашы жұмысы; 3.Оқу мектебі жобасы.  
Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек қалай көрсетіледі? практикалық сабақ
17
февраль
2021
Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек қалай көрсетіледі? практикалық
Б.Момышұлы атындағы№131 мектеп-лицейінде 2021 жылдың 16 ақпанында 1 наурыз -  азаматтық қорғаныс күніне байланысты кезекші  сыныптармен " Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек қалай көрсетіледі?" тақырыбында АӘТД пәнінің мұғалімі Джаманкеев Ермек Конакбаевич практикалық сынып сағатын өткізді. Оқушылар жарақат кезіндегі алғашқы көмекке байланысты қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
М.Мақатаевтың 90 жасқа толуына орай көрме
09
февраль
2021
М.Мақатаевтың 90 жасқа толуына орай көрме
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз - 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық
Мұқағали Мақатаевтың туылған күнінің қарсаңында мектепішілік байқау өткізіледі.
28
январь
2021
Мұқағали Мақатаевтың туылған күнінің қарсаңында мектепішілік байқау
Мұқағали Мақатаевтың туылған күнінің қарсаңында мектепішілік байқау өткізіледі. Байқауға орыс және қазақ  тілінде білім алатын 1-11 сынып оқушылары қатыса алады. Ережеде көрсетілген әр номинация бойынша бір оқушы қатысуға болады. Жұмыс ақпан айының 1 мен 4 жұлдызы аралығында жоғарыда көрсетілген электронды почтаға  қабылданады.
Биылғы жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толмақ
27
январь
2021
Биылғы жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толмақ
Батар күн, Келер түн, Атар таң, Шығар күн, Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын! Осы мен,осылай мәңгілік тұрармын, Осы мен, сірә да, өлмейтін шығармын! Биылғы жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толмақ. Ақын күреске толы өмірін болашақ ұрпағына жыр қылып жазып қалдырған болатын.
"Мен Қазақстан  Республикасының Гимнін орындаймын" тақырыбында  онлайн байқау өткізілді
26
январь
2021
"Мен Қазақстан Республикасының Гимнін орындаймын" тақырыбында
"Мен Қазақстан  Республикасының Гимнін орындаймын" тақырыбында  онлайн байқау өткізілді. Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерін білу , құрметтеу. Проведен онлайн конкурс на тему: "Я исполняю Гимн Республики Казахстан". Цель: знание и уважение символов Республики Казахстан
"Тілімізді, дінімізді сақтайық"  танымдық тәрбие сағаты
26
январь
2021
"Тілімізді, дінімізді сақтайық" танымдық тәрбие сағаты
26.01.2021 ж. мектебіміздің 8 "А" және 8 "Ә" сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 30 жылдығына орай "Тілімізді, дінімізді сақтайық" тақырыбында "ZOOM" платформасы арқылы танымдық тәрбие сағаты өткізілді. Аталып отырған іс-шараға ақын, сазгер, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздік қызметкері, "Халық мұғалімі", Алматы облысы"Тіл" оқу- әдістемелік орталығы Талғар аудандық филиалының меңгерушісі, белгілі тіл жанашыры, дін насихатшысы,Талғар ауданының құрметті
"Елбасы медалі" жобасынан жетістіктеріміз
23
январь
2021
"Елбасы медалі" жобасынан жетістіктеріміз
-2021 жылғы 20 қаңтарда «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті. Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, қола деңгейіндегі бағдарламаны аяқтаған тағы 2 535 адамды марапатқа ұсынды.   2020 жылғы "Елбасы медалі" жобасына білім ордамыздың шәкірттері қатысып,  қола медалі иегерлері атанған : 10 ә сынып оқушысы - Садан Олжас Серікжанұлы және 10 г сынып оқушысы- Солтанбекова Жанель Дауреновна ! Құттықтаймыз!  Мектеп әкімшілігі,
"Табиғат аясы - адамзаттың алтын бесігі" тақырыбында сурет көрмесі өтті
20
январь
2021
"Табиғат аясы - адамзаттың алтын бесігі" тақырыбында сурет көрмесі
Мектепте "Табиғат аясы - адамзаттың алтын бесігі" тақырыбында сурет көрмесі өтті. Қатысқан оқушыларға талаптары оң болсын дегіміз келеді!
Мектебімізде "Табиғат аясы - адамзаттың алтын бесігі" тақырыбында сурет көрмесі өтті.
20
январь
2021
Мектебімізде "Табиғат аясы - адамзаттың алтын бесігі" тақырыбында
Мектебімізде "Табиғат аясы - адамзаттың алтын бесігі" тақырыбында сурет көрмесі өтті. Қатысқан оқушыларға талаптары оң болсын дегіміз келеді! В нашей школе прошла выставка рисунков на тему "Природа - золотая колыбель человечества". Пусть все труды, вложенные в участие будут- ненапрасным. И да поможет вам удача!