Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11 қыркүйек күні мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті
11
сентябрь
2025

11 қыркүйек күні мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті

✨ 11 қыркүйек күні мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Бұл бас қосудың мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, балалардың сапалы білім алып, қауіпсіз ортада өсуін қамтамасыз ету болды.

Жиналыс барысында маңызды тақырыптар талқыланды:
👥 Буллингтің алдын алу – оқушылар үшін мейірімді, қолайлы орта құру жайы сөз болды.
👔 Мектеп формасы – бірыңғай қою көк түсті форма кию тәртібі ескертілді.
📚 Әр сыныпқа қатысты мәселелер – ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауап алды.
💬 Психологиялық кеңес – «Бала – өмірдің жалғасы» атты тағылымды кеңес берілді.

🤝 Осындай кездесулер – бала тәрбиесіндегі өзара түсіністік пен сенімді нығайтатын маңызды қадам.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: