15
сентябрь
2025
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
📚✨ Бүгін Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен ұлы ойшыл, қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
🔹 Іс-шараның мақсаты – Абай мұраларын жас ұрпаққа паш ету, ана тілімізді құндылық ретінде дәріптеу, ақынның ой-тұжырымдарын насихаттау.
✨ Ашылу салтанатында Абайдың өшпес мұрасы жайлы тағылымды ойлар айтылып, ұлы ақынның шығармаларының бүгінгі күнмен сабақтастығы атап өтілді.
🎤 Іс-шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абсадирова Асель Бекдаулетовна ашып, жас ұрпақты Абайдың өнегелі сөздерін оқуға, бойға сіңіруге шақырды.
📖 Алдағы күндері онкүндік аясында түрлі әдеби кештер, мәнерлеп оқу байқаулары, көрмелер мен танымдық шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың Абай шығармашылығына деген қызығушылығы арта түспек.
💫 Ұлы ақынның даналыққа толы мұрасы – баршамызға рухани қазына!