«Азамат болу міндет, патриот болу парыз» атты тақырыпта вебинар іс-шара өткізілді » 131 мектеп лицей
Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Азамат болу міндет, патриот болу парыз» атты тақырыпта вебинар іс-шара өткізілді
11
май
2021

«Азамат болу міндет, патриот болу парыз» атты тақырыпта вебинар іс-шара өткізілді

 

5-мамыр 2021 жылы 
 
«Алматы қаласының мемлекеттік архиві» КММ-мен архив директорының орынбасары А. Исалова ханымның, тарих пәнінің мұғалімі Қ.Р. Иембердиеваның ұйымдастыруымен және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т. Аруынов, жас маман тарихшы Асқар С., ғылыми жоба жарысының жеңімпазы 10 «а» сынып оқушысы Сагидулла Альбинаның қатысуымен 7 Мамыр - Қазақстан Қарулы күштері күніне арналған

«Азамат болу міндет, патриот болу парыз» атты

 тақырыпта  вебинар іс-шара  өткізілді.


Іс-шара мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Патриотизм» бағытының «Тәрбие және білім» жобасы бойынша мектеп  музейінің және архив қорындағы Б.Момышұлының құжаттары жайлы ақпараттармен бөлісіп, пікір алмасу, жастарды Отан сүюге, Тұлғатануға баулу.

 Алматы қаласының Мемлекеттік архив  директоры А.Ботановтың іс-шараны ашуы және мерекелік құттықтауы, мекемелер арасында Меморандум жасау туралы ұсынысы айтылды

Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және  сақтауды қамтамасыз ету қызметінің басшысы А.Имашованың – Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде мемлекеттік сақтауға алынған  Б.Момышұлы туралы құжаттарға шолуы жасады

Б.Момышұлы атындағы № 131 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі А. Т. Аруынов - «Бауыржан Момышұлы мұрасы және жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудегі құндылығы» туралы сөз алуы

Б.Момышұлы атындағы № 131 мектеп-лицейі тарих пәнінің мұғалімі және музей ұйымдастырушысы Иембердиева Құралай Рысбаевна «Бауыржан Момышұлы мұрасы және жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудегі құндылығы: мектеп мұражайындағы өткізілген іс-шаралардың оқушыларға тәрбиелік мәні» туралы баяндама жасады.

Б.Момышұлы атындағы № 131 мектеп-лицейі 10 сынып оқушысы Альбина Сагидулланың «Мектеп жанындағы Б.Момышұлы мұражайының ғылыми, ағартушылық, тәрбиелік қызметі» туралы ғылыми жобасы туралы мәлімет берді

Б.Момышұлы атындағы № 131 мектеп-лицейі тарихшы, жас маман Асқар Серіктің мектеп музейіне жасаған виртуалды экскурсиясы 

 Бас сарапшы О.Белоносовтың – «Алматы қаласының Мемлекеттік архивінің №616 М.Мырзахметұлының жеке қор құжаттарындағы Б.Момышұлының құжаттарынан дайындалған электронды кітаптарына шолуы  болды

 Ашық микрофон: Архив және мектеп музейі қорындағы құжаттар, бірлесіп атқарылатын іс-шара жобалары  туралы пікірлер айтылды.

Вебинар барысында жасалған баяндамалар «Хабаршы» әдістемелік журналына жарияланады.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: