04
февраль
2026
6 «Ә» сыныбымен өткізілген ашық психологиялық сабақ ұсынылады. Сабақтың тақырыбы – «Жылы жүрек – жақсы сөз».
Ашық сабақты психолог-практиканттар Таңатарова Әсем, Омархан Айым, Сейлхан Аяжан жүргізді. Сабақ мектеп психологы Кожманбетова Д.Р. жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік, өзара сыйластық, жағымды қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ сынып ішінде қолайлы психологиялық ахуал орнату.
Сабақ барысында жасөспірімдердің эмоционалдық интеллектісін дамыту, жағымды сөздердің адам психикасына әсерін ұғындыру, өз сезімін дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру көзделді.
Сабақ құрылымы психологиялық тренинг формасында ұйымдастырылды.
Жалпы, ашық сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылардың белсенді қатысуымен, жағымды психологиялық ортада өтті. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сай таңдалып, тәрбиелік және дамытушылық мәні жоғары болды.
Ашық сабақ тәжірибе алмасу үшін тиімді, психологиялық қызметтің практикалық бағытта жүргізілетінін көрсететін мазмұнды іс-шара ретінде бағаланады.
https://www.instagram.com/reel/DUVyd68DaLR/?igsh=ejlmb2kzanYwcnBz