13
февраль
2026
Ашық психологиялық сынып сағаты өтті.
Іс-шараны 6В01101 – Педагогика және психология мамандығының 4 курс студенті
Таңатарова Әсем жүргізді.
Сынып сағаты мектеп психологы Кожманбетова Д.Р. жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың конструктивті қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, өз ойын еркін әрі дұрыс жеткізе білуге, өзгелерді тыңдай білуге үйрету, сондай-ақ сынып ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Сынып сағаты тренинг форматында ұйымдастырылып, оқушылардың белсенді қатысуымен, еркін әрі сенімді ортада өтті. Жаттығулар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалып, тәрбиелік және дамытушылық маңызы жоғары болды.
Нәтижесінде:
– оқушылар өз ойын ашық айтуға үйренді;
– бір-бірін тыңдау мәдениеті қалыптасты;
– конструктивті қарым-қатынас дағдылары дамыды;
– сынып ішінде өзара сыйластық пен сенім атмосферасы нығайды;
– оқушылардың белсенділігі мен өз-өзіне сенімділігі артты
https://www.instagram.com/reel/DUkhmyADc-8/?igsh=aTljaTBtanQxZm1r