Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман»
28
апрель
2026

«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман»

Бүгін мектебімізде жас мамандар апталығының салтанатты ашылуы өтті. Бұл – тек бір апталық іс-шара ғана емес, бұл – жаңа идеялар мен тың бастамалардың, шабыт пен ізденістің алаңы.
Жас маман – бұл жаңашылдықтың жаршысы, білім мен тәрбиенің жаңа тынысын ашатын тұлға. Олар – ертеңгі күннің тірегі, болашақтың бағдаршамы. Әр жас ұстаздың жүрегінде білімге деген махаббат, шәкіртке деген шынайы қамқорлық, өз ісіне деген үлкен жауапкершілік жатыр.
Апталықтың ашылу салтанаты ерекше атмосферада өтіп, жас мамандардың шығармашылық әлеуеті, кәсіби талпынысы мен жаңа бастамаларға деген құлшынысы айқын көрініс тапты. Алдағы күндерде түрлі ашық сабақтар, шеберлік сағаттары, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылып, әрбір жас маман өз қабілетін шыңдауға мүмкіндік алады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: