Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2026 года
Бүгін мектебімізде оқушыларға маңызды тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
31
март
2026
Бүгін мектебімізде оқушыларға маңызды тақырыптар бойынша түсіндіру
Атап айтқанда, буллингтің алдын алу, құқықбұзушылыққа жол бермеу, жалған ақпараттың зияны және мектеп ережелерін сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.  Оқушыларға өзара құрмет, жауапкершілік және қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызы түсіндірілді. Әрбір оқушының құқығы қорғалуы тиіс екені және дұрыс шешім қабылдаудың маңызы атап өтілді.  Білім ордасында біліммен қатар тәрбие де — басты құндылық!
Алматы кітапханаларының қолдауымен ұйымдастырылған IV Республикалық “Шәкәрім оқулары” байқауының Алматы қалалық кезеңіне қатысып,70 оқушының ішінен 5
27
март
2026
Алматы кітапханаларының қолдауымен ұйымдастырылған IV Республикалық
Алматы кітапханаларының қолдауымен ұйымдастырылған IV Республикалық “Шәкәрім оқулары” байқауының Алматы қалалық кезеңіне қатысып,70 оқушының ішінен 5 ә сынып оқушылары Әлімбай Адия мен Иемберді Еркеназ “ Көркем сөз шебері” және “Сахна мәдениеті үздігі” номинацияларын жеңіп алды. 
Әдістемелік кеңес отырысы өтті
27
март
2026
Әдістемелік кеңес отырысы өтті
Мектебімізде әдістемелік кеңестің кезекті отырысы ұйымдастырылды. Күн тәртібінде мұғалімдерді аттестациядан өткізу мәселелері қарастырылды. Отырыс барысында педагог-портфолионың құрылымы жан-жақты түсіндіріліп, әрбір санат бойынша құжаттарды қандай платформаларға жүктеу керектігі туралы нақты нұсқаулықтар берілді. 👩‍🏫 Сонымен қатар, магистратураны аяқтаған мұғалімдердің ғылыми жобалармен жүйелі түрде айналысуы қажеттігі ерекше атап өтілді. 📌 Мұғалімдердің жыл сайын түрлі олимпиадалар мен