Бүгін мектебімізде оқушыларға маңызды тақырыптар бойынша түсіндіру
Атап айтқанда, буллингтің алдын алу, құқықбұзушылыққа жол бермеу, жалған ақпараттың зияны және мектеп ережелерін сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Оқушыларға өзара құрмет, жауапкершілік және қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызы түсіндірілді. Әрбір оқушының құқығы қорғалуы тиіс екені және дұрыс шешім қабылдаудың маңызы атап өтілді. Білім ордасында біліммен қатар тәрбие де — басты құндылық!