Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Май 2026 года
Биылғы түлектер Алматы қаласы №2 балалар үйін көгалдандыруға қатысты.
26
май
2026
Биылғы түлектер Алматы қаласы №2 балалар үйін көгалдандыруға қатысты.
Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің 152 түлегі биыл мектеппен қимай қоштасты. Жас түлектер мерекелік салтанатты тек думанмен емес, ізгі амалмен есте қалдыруды жөн көрді. Биылғы түлектер Алматы қаласы №2 балалар үйін көгалдандыру мақсатында даңғаза мен артық шығыннан бас тартып, қайырымдылық пен жауапкершілікті басты құндылық ретінде таңдады. Олар игі бастамаға үн қосып, қоршаған ортаға жанашырлық танытып, көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Әрбір отырғызылған көшет — туған
№5 педагогикалық кеңес өткізілді.
25
май
2026
№5 педагогикалық кеңес өткізілді.
25.05.2026 күні мектебімізде №5 педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңес барысында оқу-тәрбие үдерісінің өзекті мәселелері талқыланып, 2025–2026 оқу жылының қорытындылары сараланды. Сонымен қатар, білім беру саласындағы жоғары кәсібилігі мен адал еңбегі үшін бірқатар ұстаздар Медеу ауданы АББ басшысының атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
7 «Ә» сыныбында «Білімім – Отаныма» атты республикалық сынып сағаты өткізілді.
25
май
2026
7 «Ә» сыныбында «Білімім – Отаныма» атты республикалық сынып сағаты
Сабақ барысында оқушылар білімнің маңыздылығы, елге қызмет ету, отансүйгіштік құндылықтары жайында ой бөлісіп, белсенділік танытты.
«Білімім – Отаныма!» 🇰🇿
25
май
2026
«Білімім – Отаныма!» 🇰🇿
Бүгін мектебімізде 11-сынып түлектеріне арналған ерекше де әсерлі салтанатты жиын өтті. Тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп қабырғасында білім мен тәрбие алған жас түлектер үлкен өмірге қадам басты. ✨ Бұл күн – балалықпен қоштасып, болашаққа бағыт алған сәт. Мектеп тарихында мәңгі сақталатын, әр түлектің жүрегінде өшпес із қалдыратын ерекше күн. Қымбатты түлектер, ақ жол! Армандарыңыз асқақ, білімдеріңіз ел игілігіне қызмет етсін! 💙📚
Ұстаздар арасында интеллектуалды ойын өтті
19
май
2026
Ұстаздар арасында интеллектуалды ойын өтті
Мектебімізде мұғалімдер арасында ерекше форматтағы «Интеллектуалды ойын» ұйымдастырылып, білім мен тапқырлыққа толы керемет кеш өтті 📚🧠 Қатысушылар 4 кезең бойынша бақ сынап, логикалық ойлау, жылдамдық және командалық бірліктің жоғары деңгейін көрсетті. Әр кезең қызықты эмоцияларға, көтеріңкі көңіл-күйге және тартысты сәттерге толы болды 🔥 🏆 Ойын қорытындысы бойынша: 🥇 Гран-при — дене шынықтыру пәні мұғалімдері 🥈 І орын — МИФ бірлестігінің мұғалімдері 🥉 ІІ орын — бастауыш бірлестігінің