«Біртұтас ел – біртұтас жер»
13 мамыр күні Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы жастармен тағылымды кездесу өткізді. Кездесу мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухын сіңіріп, әскери мамандықтың мәртебесін дәріптеу, жоғары сынып оқушыларын әскери оқу орындарына бағыттау. Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті, Әскери білім және ғылым департаменті, Заң департаментінің офицерлері, республикалық «Жас сарбаз» қозғалысының