Ата-аналарға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.
29 қаңтар күні мектебімізде ата-аналарға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі және білім беру үдерісіне қатысты өздерін толғандырған мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат алды. Кездесу мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. https://www.instagram.com/reel/DUI_lwQDb26/?igsh=MWN2cXM3dTNnMnNodw==