Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№131 мектеп-лицейінің 2025–2026 оқу жылына арналған №1 педагогикалық кеңесі»
27
август
2025

«№131 мектеп-лицейінің 2025–2026 оқу жылына арналған №1 педагогикалық кеңесі»

🔰Бүгін Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде « Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. 

🔸Педагогикалық кеңестің негізгі мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау болды.  

🔸Педагогикалық кеңеске Алматы қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ермекбаева Гүлнара Өмірбекқызы және мектеп әкімшілігі мен педагогтер қатысты. Педагогикалық кеңесті мектеп директоры Достанова Роза Зияханқызы алғы сөзімен ашты. 

🔸Мемелекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзімен, ҚР Оқу –ағарту министрлігінің өзекті мәселелері  туралы бейнеролик көрсетілді.  ҚР ОАМ әдістемелік-нұсқаулық хатына, жаңа нормативтік актілермен және бағдарламаларға шолу жасалынды. 

🔸«Адал азамат» бірыңғай бағдарламасының мәселелері, білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидалары, 2025-2029 оқу жылдарға арналған білім беру жүйесіне ЖИ енгізу тұжырымдамалық тәсілдері, ҚР білім беру ұйымдарында ЖИ қолданудың этикалық стандарттары, педагогтердің құқықтарын қорғау және кәсіби шеберлігін жетілдіру, мектептің жылдық жұмыс жоспары , ұйымдастырушылық-шаруашылық    мәселелері туралы айтылды. 

✔️Отырыс соңында педегогикалық кеңестің төрағасы қаралған мәселелердің қорытындысын шығарды, түйінді қорытындылар мен ұсыныстар бекітілуге қабылданды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: