6 «Ә» сыныбымен өткізілген ашық психологиялық сабақ ұсынылады.
Ашық сабақты психолог-практиканттар Таңатарова Әсем, Омархан Айым, Сейлхан Аяжан жүргізді. Сабақ мектеп психологы Кожманбетова Д.Р. жетекшілігімен ұйымдастырылды. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік, өзара сыйластық, жағымды қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ сынып ішінде қолайлы психологиялық ахуал орнату. Сабақ барысында жасөспірімдердің эмоционалдық интеллектісін дамыту, жағымды сөздердің адам психикасына әсерін ұғындыру, өз сезімін дұрыс жеткізе білу