«БАБАЛАР АМАНАТЫ-АСЫЛ МҰРА, РУХАНИ ҚАЗЫНА» тақырыбында қазақ
«Адал азамат» бағдарламасы аясында Медеу ауданының 90 жылдығына орай «БАБАЛАР АМАНАТЫ-АСЫЛ МҰРА, РУХАНИ ҚАЗЫНА» тақырыбында қазақ руханиятының жанашыры, жазушы-этнограф, ел анасы Зейнеп Ахметовамен тағылымды кездесу өтті. Қазақтың сан ғасырлық өнегелі тәрбиесін ел арасында насихаттап жүрген жазушы мектебіміздің ата-аналарымен кездесіп, ата мен келіннің, әке мен баланың, ұлт пен ұрпақ арасындағы берік ара-қатынас жайлы шығармалары мен естеліктері жайында әңгімелесті.