Алматы қаласы
Білім басқармасының
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)262-12-92
Есепші бөлімі:
+7(727)264-16-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2026 года » Страница 4
🌍 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
07
апрель
2026
🌍 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
Денсаулық – ең үлкен байлық. Оны тек ауырғанда емес, күнделікті күтім арқылы сақтаймыз.  Бүгін өзіңізге бір сәт бөліңіз: таза ауада серуендеңіз, дұрыс тамақтаныңыз, жеткілікті ұйықтаңыз және ең бастысы – өзіңізді тыңдаңыз 💚  Деніңіз сау болса – бәріне мүмкіндік бар!  Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз 🤍
6 сәуір күні мектебімізде жаратылыстану пәндері онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті 🌿🔬
06
апрель
2026
6 сәуір күні мектебімізде жаратылыстану пәндері онкүндігінің
Іс-шара барысында оқушылар өз білімдері мен шығармашылықтарын көрсетіп, қызықты тәжірибелер, көріністер мен танымдық бөлімдер ұсынылды. Онкүндіктің ашылуы жоғары деңгейде өтіп, барша қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Алдағы күндері өтетін іс-шаралар одан да қызықты болатынына сенімдіміз! ✨
«Жас қазақ ғарышкерлері» спорттық сайысы өтті!
06
апрель
2026
«Жас қазақ ғарышкерлері» спорттық сайысы өтті!
«Адал азамат» жоспары аясында ерекше форматтағы спорттық сайыс өтті 💪 Түрлі эстафеталық ойындарда ептілік, шапшаңдық және ұйымшылдықтарын көрсетті.  Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті. 🤝 Достық пен бірлік нығайды 🏆 Жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Осындай іс-шаралар арқылы біз жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулып, олардың бойында патриоттық рухты қалыптастырамыз 🇰🇿
Бірге тазалықты сақтайық!
03
апрель
2026
Бірге тазалықты сақтайық!
131 мектеп-лицей ұжымы қалалық сенбілікке белсене атсалысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты. Мектеп ауласы мен айналасы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 🌱 Табиғатты аялау – әрбір азаматтың міндеті. Осындай игі шараларға қатысу арқылы оқушыларымыз жауапкершілік пен еңбексүйгіштіктің маңызын түсінді.
«БАБАЛАР АМАНАТЫ-АСЫЛ МҰРА, РУХАНИ ҚАЗЫНА» тақырыбында қазақ руханиятының жанашыры, жазушы-этнограф, ел анасы Зейнеп Ахметовамен тағылымды кездесу өтт
03
апрель
2026
«БАБАЛАР АМАНАТЫ-АСЫЛ МҰРА, РУХАНИ ҚАЗЫНА» тақырыбында қазақ
«Адал азамат» бағдарламасы аясында Медеу ауданының 90 жылдығына орай «БАБАЛАР АМАНАТЫ-АСЫЛ МҰРА, РУХАНИ ҚАЗЫНА» тақырыбында қазақ руханиятының жанашыры, жазушы-этнограф, ел анасы Зейнеп Ахметовамен тағылымды кездесу өтті. Қазақтың сан ғасырлық өнегелі тәрбиесін ел арасында насихаттап жүрген жазушы мектебіміздің ата-аналарымен кездесіп, ата мен келіннің, әке мен баланың, ұлт пен ұрпақ арасындағы берік ара-қатынас жайлы шығармалары мен естеліктері жайында әңгімелесті.
Назад 1 2 3 4 Вперед